USD
USD
USD

Оралда зейнеткерді өз үйінде пышақтап өлтірген

Оралда белгісіз біреулер 72 жастағы әйелді өлтірді.

Оралда зейнеткерді өз үйінде пышақтап өлтірген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Зейнеткердің денесі өз үйінде көптеген пышақ жарақаттарымен табылды. Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Әйел бұл кезде үйінде жалғыз болған.

Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді. 

"9 наурызда сағат 18:30-да Зачаганск кентінің жеке секторындағы үйлердің бірінен 1950 жылғы әйелдің мәйіті табылды. Қылмыскерлер қайтыс болған зейнеткердің мойын тұсын бірнеше рет пышақтаған. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. БҚО Полиция департаментінің барлық жеке құрамы аса ауыр қылмыстың артында кім тұрғанын анықтау үшін бар күш-жігерін салады. Қазірдің өзінде қылмысқа қатысы бар адамдардың тізімі пысықталуда. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтан Шалдарбеков.

Аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 2 және 192-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық