Оралда түн ортасында төбелес болып, жас жігіттің денесі табылды
Оралда түн ортасында төбелес болып, жас жігіттің денесі табылды.
Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 11 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00.08 шамасында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы қаланың ортасында орналасқан шіркеу маңында төбелес болып жатқаны жөнінде хабар түсті.
Полиция қызметкерлері дереу жеткен кезде 25-30 жастағы белгісіз ер адамның денесі табылды. Кейін марқұмның 1992 жылғы тұрғын екендігі анықталды. Қазіргі кезде аталған аса ауыр қылмысқа қатысы бар адамдар анықталу үстінде. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Егер аталған қылмыстың куәгері болсаңыз, Абай полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады. Полиция департаменті ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір оқып жатыр
Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты
Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді
Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды
Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады