USD
USD
USD

Оралда төрт бала улану белгісімен ауруханаға түсті

Оралда төрт бала улану белгісімен ауруханаға түсті, деп хабарлады «Мой город».

Оралда төрт бала улану белгісімен ауруханаға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Оралда төрт бала улану белгісімен ауруханаға түсті. Ата-анасы балалар қарбыздан уланған болуы мүмкін деп болжайды. Алайда дәрігерлер қарбыздан уланған болуы мүмкін дегенге күмән келтіруде», - делінген сәрсенбідегі хабарда.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында хабарлағандай, 12 шілде күні ертеңгісін қабылдау бөлімшесіне жедел-жәрдем көлігімен бір үйден 1 жас алты айлық, алтыдағы, тоғыздағы және ондағы төрт бала жеткізілген. Олардың жағдайы орташа ауыр деңгейде деп бағалануда. Қойылған диагноз – жіті асқазан-ішектік қабыну, яғни асқазан-ішек жолдарының бірнеше бөлімінің қабынып ауруы.

Қазір дәрігерлер аурудың себебін анықтауда. Кішкентай науқастардың дене қызуы әлі төмендемеуде.
«Ата-аналарының айтуынша, олар 9 шілде күні қарбыз жеген. Бірақ 11 шілде күні ауырған. Алдымен ең кішісі ауырған, бірақ ол қарбыз жемеген. Сондықтан балалардың қарбыздан улануы мүмкін емес. Тиісті талдаулар алынды, нәтижесі бойынша уланудың себебі де белгілі болады», - деді Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, бұған дейін эпидемиологтар қазақстандықтардан ерте піскен қарбызды сатып алмауға кеңес берген еді. Қауіпсіз бақша өнімдерін тек тамыз-қыркүйек айларында сатып алуға болады деген болатын.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу