USD
USD
USD

Оралда тергеу изоляторында қамауда болған ер адам көз жұмды

Орал қаласында тергеу изоляторына тоғытылған ер адам көз жұмды. Марқұмның жасы 63-те, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оралда тергеу изоляторында қамауда болған ер адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Ер адам ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Кісі өлтіру" бойынша айыпталып, тергеу изоляторына қамалған, деп жазады "Мой город" порталы БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Өлімнің алдын-ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы", деп нақтылайды ведомство баспасөз қызметі.

2022 жылдың тамызында Оралдағы тергеу изоляторы қызметкерлері азаптау, ұрып-соғу күдігіне ілінген болатын. Оларға ҚР ҚК-нің 146-бабы, "Азаптау" бойынша айып тағылған еді.  

Айта кетсек, 2023 жылы 1 желтоқсанда Шымкентте тергеу изоляторында қамауда болған 29 жастағы күдікті қайтыс болды. Ер адам ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмған. Бұдан кейін марқұм жігіттің анасы желіде видео жариялады.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай