USD
USD
USD

Оралда талаптарға сай келмейін Сібір жарасын жерлеу қорымдары табылды

Оралдағы үйден 15 метр қашықтықта Сібір жарасын жерлеу орны табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Оралда талаптарға сай келмейін Сібір жарасын жерлеу қорымдары табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы барысында облыстық Антикор департаментінің басшысы облыс аумағында 222 сібір жарасы жерленгенін, бұл ретте 2017 жылдан бастап олардың тосқауылдарына бюджет қаражаты бөлінбегенін хабарлады.

Мал қорымдары талаптарға сай келмейді және өте қарабайыр құрылыстар.

Мысалы, Орал қаласында Сібір жарасы бар жерлеу орындарының бірі тұрғын үйден 15 метр және екіншісінен 50 метр қашықтықта орналасқан. Ал 83 метр қашықтықта Деркөл кенттік округі әкімдігінің ғимараты орналасқан. Сырым ауданында 32 қорымда қоршаулар мен ескерту жазбалары мүлдем жоқ.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жерленген Сібір жаралы мал қорымдары қауіптіліктің бірінші класындағы объектілерге жатады. Олардың санитарлық-қорғау аймағы кемінде 1000 метр болуы керек.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар