USD
USD
USD

Оралда шектеу шаралары күшейді

Орал қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 22 қазаннан бастап шаһарда қосымша шектеу шаралары енгізілді.

Оралда шектеу шаралары күшейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орал қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың мәлім еткеніндей, жасы 65-тен асқан адамдардың аса қажет болмаса, көшеге шығуына шектеу қойылды.

Сондай-ақ, демалыс күндері ауыл шаруашылығы, азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынып, қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады.

Орал қаласы әкімі мен полиция басқармасына Ж.Досмұхамедов көшесі, «Мирлан» базары маңында, Әбілқайыр хан даңғылы, 155, «Жайық» дүкені мен «Аяжан» сауда үйі, Н.Назарбаев даңғылы, «Юбилейная» аялдамасы, Құрманғазы көшесі, «Школьник» сауда үйі мен «Ақжол» сауда үйі, Абай даңғылы, бұрынғы «Сұлтан» базары, Д.Қонаев шағынауданы, «Жеңіс» сауда үйіне қарама-қарсы және Ю.Гагарин көшесі, «Өнім» базары ауданында орналасқан жабайы базарларды жою тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер