USD
USD
USD

Оралда полиция басқармасының бөлім бастығы ұсталды

Оралда пара алды деген күдікпен қалалық көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы Қанат Мұқанов ұсталды.

Оралда полиция басқармасының бөлім бастығы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұстау фактісін облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады. Алдын ала мәлімет бойынша, Мұқанов дүйсенбі, сәуірдің 11-і күні 50 000 теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталған. Подполковник анықтаманы жеделдетіп бергені үшін ақша алды деген күдікке ілінді. Қазір ол Орал қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Полиция департаменті басылымға әріптесінің ұсталуына қатысты пікір айта алмайтындарын айтып, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне хабарласуды сұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұқановтың ұсталғанын растады, бірақ егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

БҚО сотының баспасөз қызметі бұл іс материалдары тергеу сотына әлі түспегенін хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер