USD
USD
USD

Оралда перзентхана қызметкері лифтіге қысылып қайтыс болды

Оралда 50 жастағы перзентхана қызметкері лифтіге қысылып қайтыс болды. Бұл туралы Мой город басылымы жазды.

Оралда перзентхана қызметкері лифтіге қысылып қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні таңертеңгі уақытта болған. Облыстық перинаталдық орталықта 1971 жылы туған қызметкердің қайтыс болғаны хабарланды. Ол жүк лифті мен шахтаның арасына қысылып өлді. Мәйітті құтқарушылар алып шықты, деп жазады басылым.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға туралы сағат 8:56-да хабарлағанын мәлімдеді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жүк лифтінің шахтасына әйел адам құлап кеткен. Ол сол жерде жан тапсырған. Ол медициналық мекемеде вахташы болып жұмыс істеген. Бұл факті бойынша тергеу басталды", - деді полиция.

Оқиға бойынша басқа мәліметтер анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana