USD
USD
USD

Оралда мектеп лагеріндегі балалар отырған автобус жанып кетті (видео)

Орал қаласында балаларды алып бара жатқан автобус жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оралда мектеп лагеріндегі балалар отырған автобус жанып кетті (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 маусым күні Г. Бельгер көшесінде болды.

«Сағат 12.40-та Г. Бельгер көшесіндегі 114-үй тұсында «ПАЗ» жеке автобусы отқа оранды. Тілсіз жау сағат 13.09-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Адамдар аман. Оқиға орнында 6 адам (1 техника) жұмыс істеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, автобус балаларды алып келе жатқан. Барлығы шығып үлгеріпті. Өртеніп жатқан автобустың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушылары көлікте мектеп лагеріндегі оқушылар болғанын және олардың киноға бара жатқанын жазған.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік