USD
USD
USD

Оралда көз жұмған 10-шы сынып оқушысы туралы белгілі болды

Оралда 10-шы сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды. Мектеп басшылығы баланың бұрыннан науқас екенін, арнайы есепте тұрғанын айтады, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Оралда көз жұмған 10-шы сынып оқушысы туралы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші ауысымда оқитын 15 жастағы Даниял өзге балалармен бірге сабақ басталғанша дәлізде жүрген. Кейін қоңырау соғылып, сыныпқа кірді дейді. Барлығы өз орындарына жайғасып, сабаққа дайындалып жатқан кезде жеткіншек ес-түссіз құлап түскен көрінеді.

«Жедел жәрдем шақырттық, медик шақырттық. Сосын жаңағы ата-анасына хабарластық, дәрі іше ме деп, мамасы қазір келемін деп айтты. Медик келгенше қасында болдық. Алғашқы жәрдем көрсетті. Сосын медиктер келгесін бізді шығарып жіберді», – дейді Орал қалалық №10 мектептің мұғалімі Нұргүл Таңатарова.
Мамандар 40 минуттай ем-дом жасаған. Бірақ баланы ажалдан құтқарып қала алмады. Мектептегілер Даниял сабақты жақсы оқығанын, үлгілі тәртібімен көзге түскенін айтады.

«Оқушы бізге 20-мектептен келген, биыл қыркүйекте келді. Учетта тұратын бала. "Паралич РВ" деген диагнозбен учетта тұрады. Ата-анасы жазда қаратқан, емін алған. Біз барынша көмек көрсеттік алғашқы көмекті. Көзінің қарашығын қарадым. Көзі қызарған, жасанды тыныс алдырып, жедел жәрдем келгенше сондай көмек көрсеттік», – дейді Орал қалалық №10 мектептің медбикесі Нұргүл Байғанатова.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу