USD
USD
USD

Оралда қарттар үйінің тұрғыны өз бөлмесінен асулы күйі табылды

9 шілдеде кешке Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (қарттар үйі) 61 жастағы тұрғыны өз бөлмесінде асулы күйі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz..

Оралда қарттар үйінің тұрғыны өз бөлмесінен асулы күйі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған алғашқы көмек көрсетілді, бірақ одан нәтиже болмады. Қызметкерлердің іс-қимыл алгоритміне сәйкес, қызмет тұтынушы қайтыс болған жағдайда тиісті орандар хабардар етіледі, деп хабарлайды облыстық ПД.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қызметкерлерден сұрақ-жауап алынғандығы айтылады. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері 11 шілдеде белгілі болады. Осыдан кейін іс бойынша қорытынды шығарылады.

Белгілі болғандай, марқұм қарттар үйінің тұрғыны - екінші топтағы мүгедек. Ер адам 2008 жылдың 8 ақпанында Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келіп түскен.

- Оған биполярлы аффективті бұзылыс, жыл сайын өршитін аралас психикалық түр, гипоманиак жағдайы, орташа айқын гипопато-гипобуликалық ақау диагнозы қойылған. Биылғы мамыр айында ол облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығында ем алды. Оралда тұратын балалар бар, - деп нақтылады орталықтағылар.

Полиция аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 105-бабы, яғни "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт