USD
USD
USD

Оралда ескі үйдің астынан он бір адамның бас сүйектері табылды

Оралда ескі үйлердің астынан адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оралда ескі үйдің астынан он бір адамның бас сүйектері табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір полицейлер қаңқаның кімге тиесілі екенін анықтау үшін сүйектерді сараптамаға жіберді.

Адам сүйектері қаланың ескі бөлігінен шыққан. Оны ескі тиын іздеген қала тұрғыны тауып алыпты. Ол үйдің шатыры мен жертөлесінен былтыр да үш адамның сүйегі табылғанын айтады. Осындағы апаттық жағдайда тұрған ескі үйді сүріп тастап орнына жаңасын салайын деп жатқанда 11 бас және  323 дене сүйегі табылған. Тұрғындар бұл қаңқалар кісі қолынан өлген адамдардың сүйегі болуы мүмкін деген болжам айтуда. Алайда, мамандар қаланың ескі бөлігінде көне зираттар көп болған дейді. Кейін бәрін сүріп тастаған.

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

“Аталған жерге жедел-тергеу тобы барып, оқиға болған жерді тексергенде адамның қаңқасын тауып, сот-медициналық сараптамаға жіберді. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесіне қарай заңды іс жүргізу шешімі қабылданады.” – деді БҚО ПД баспасөз қызметкер Лунара Аманғалиева.

Қазір оқып жатыр

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты