USD
USD
USD

Оралда есірткі таратқан оқушы 7 жылға сотталды

Оралда есірткі таратқан 19 жастағы жігіт пен 15 жастағы оқушы сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оралда есірткі таратқан оқушы 7 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл 2 наурызда Орал станциясының маңын тексеру кезінде 15 жастағы жасөспірім мен оның 19 жастағы танысы ұсталды. Олардың оралған ұнтақты ағаш бұтақтарына жасырғандығы анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталғандардан алынған зат психотроптық зат болып шықты және оның жалпы салмағы 11 грамды құрады. Ұсталғандар "өз қызметін" Telegram арқылы жүргізген.

"Аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу жүргізді.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал оның 15 жастағы сыбайласы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры