USD
USD
USD

Оралда дәмханада жарылыс болып, 2 адам қаза тапты

Оқиға 4 қаңтар күні сағат 02:07-де Сырым Датұлы көшесі 52 мекенжайында болған.

Оралда дәмханада жарылыс болып, 2 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке газдың жарылуы себеп.

Қазір үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Жарылыс салдарынан екі адам көз жұмған.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қираған ғимарат астынан 6 адам табылып, бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында екі адам көз жұмды. Адамдардың кім екені анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар