USD
USD
USD

Оралда бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Орал қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Оралда бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ел біріншілігі қаладағы теннис орталығында 15 желтоқсан күні басталып, 23-інде мәреге жетеді.

Жыл соңындағы айтулы додаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан 400-ге жуық боксшы қатысып, чемпиондық атақты сарапқа салмақшы.

Бокстан БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Саттар Сұлтанғалиевтің айтуынша, біріншілікте 13 салмақ дәрежесі бойынша боксшылар рингке шығады. Батыс Қазақстан облысының намысын 11 спортшы қорғайды деп жоспарланып отыр. Олардың арасында өткен жылы 18 жасында Қазақстан чемпионы, биыл Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанған Даниял Сәбит бар. Даниял 48 кг салмақта бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан