USD
USD
USD

Оралда белгісіз біреу Франкфурттен келген ұшаққа «мина қойған»

Орал әуежайында белгісіз біреу Франкфурттан ұшып келген ұшаққа "мина қойған", деп хабарлайды “Мой Город” порталы.

Оралда белгісіз біреу Франкфурттен келген ұшаққа «мина қойған»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 17 қараша күні кешке болған. Әуежай Франкфурт - Орал рейсінің кешігетінін хабарлаған. 

"Әуежайда әуел бастан болдым. Бәрі көз алдымда басталды. Полиция қызметкері әбігерге түсті, шекарашылар, содан кейін жедел уәкілдер келді, сәл кейінірек камуфляж киген қаруланған адамдар, содан соң брондалған көлікпен әскерилер келіп жетті. Полицейлер екінші қабаттан бірінші қабатқа түсуді, сосын далаға шығуды, ал кейінірек қауіпсіз қашықтыққа кетуді сұрады", - деді оқиға куәгері.

ІІМ көліктегі полиция департаменті мина қойылғаны туралы жалған ақпарат түскенін растады. Ведомство бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы әдейі жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе