USD
USD
USD

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
Фото: NEGE.kz

Орал, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 24 желтоқсан күні шамамен сағат 16.35-те Н.Назарбаев пен А.Карев көшелерінің қиылысында болды.

№12 бағытта жүретін жолаушылар автобусы мен «Мазда» жеңіл көлігі түйіскен. Жол апаты салдарынан үш адам медициналық көмекке жүгінді.

Сондай-ақ осы күні сағат 19.35-те Құрманғазы мен А.Карев көшелерінің қиылысында «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі «Фольксваген Тигуанға» жол бермей, соқтығысқан.

Салдарынан «Лада Приора» арыққа түсіп кетсе, екінші көлік тұрғын үйге барып соғылған.

Осы екі оқиға бойынша полиция қызметкерлері жұмыс істеді, жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік аялдамаға соғысып, 64 жастағы жүргізушінің ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық