USD
USD
USD

Оралда атыс: қарулы 20 адам ұсталды

Оралда полиция қызметкерлері атысқа қатысқан 20 адамды ұстады, - деп хабарлайды "Мой город".

Оралда атыс: қарулы 20 адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, 20 қазанда сағат 22.10-де 102 пультіне Шолохов көшесіндегі VenОil жанармай құю станциясында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырғаны туралы хабар түскен.

    "Оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасағы дереу жіберілді. Жедел іздестіру шарасы барысында Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаға қатысқан бір күдіктіден басқа барлық қатысушыны ұстады. Атысқа қатысқан 20 адам ұсталды. Оның біреуі оқ атқан. Қазіргі таңда оларды уақытша ұстау изоляторына орналастыру және күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды", - дейді ресми өкіл.

Сондай-ақ, Болатбек Белгібеков бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Айта кетейік, Оралда 20 қазанда атыс болған. Салдарынан 24 жастағы ер адам жарақат алған. Қазіргі таңда ол ауруханадағы жансақтау бөлімінде жатыр. Атыс болған сәт видеорегистраторға түсіп қалған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер