USD
USD
USD

Оралда жалған нөмір таққан жүргізуші полицейлерден қашпақ болды

Оралда Әбілқайыр хан даңғылында патрульдік полицейлер «Mercedes Benz» көлігін тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің жалған мемлекеттік нөмірмен жүргенін анықтады.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әкімшілік хаттама жасалып болғаннан кейін жүргізуші полициядан жасырынуға тырысты.

Оны ұстау үшін қосымша жасақтар мен автопатрульдер тартылды. Тәртіп бұзушы қызметкерлердің тоқтау талаптарын елемей, жолдарда қауіпті жағдай туғызды. Бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірді.

— Полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде көлік Ә.Молдағұлова көшесінде тоқтатылды. Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін бірден бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушының көлігі арнайы автотұраққа жеткізілді. Жалған мемлекеттік нөмірлерді қолдануға тыйым салынғандығын және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керек екендігін ұмытпау қажет. Полиция мұндай әрекеттер әкімшілік қана емес, кейбір жағдайда қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салады, — деп хабарлады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский