USD
USD
USD

Оралда жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашып кетпек болды

Орал қаласында Әбілқайыр хан даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері Mercedes Benz автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын басқарғанын анықтады.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Әкімшілік хаттама жасақтап болғаннан кейін жүргізуші полициядан жасырынуға тырысты. Оны ұстау үшін қосымша жасақтар мен автопатрульдер тартылды. Тәртіп бұзушы қызметкерлердің тоқтау талаптарын елемей, жолдарда қауіпті жағдайлар туғызып, бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп, басқа көлік жүргізушілеріне қауіп төндірді. Көлік Молдағұлова көшесінде тоқтатылды.

Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін бірден бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық бұзушының көлігі арнайы автотұраққа жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский