USD
USD
USD

Оралда іздеуде жүрген ер адам түнгі клубта ЖИ арқылы ұсталды

Оралда жасанды интеллект алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілініп, іздеуде жүрген ер адамды анықтауға көмектесті.

ЖИ
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады.

«Қаланың түнгі клубтарының бірінде орнатылған бейнебақылау камерасы келушіні тіркеді. Тұлғаны тану функциясымен жабдықталған бейнеаналитика жүйесі бейнені автоматты түрде іздеуде жүрген адамдардың дерекқорымен салыстырып, сәйкестікті анықтады», – делінген хабарламада.

Сәйкестік туралы сигнал нақты уақыт режимінде жедел басқару орталығына түскен. Араға санаулы минуттар салып, патрульдік полиция қызметкерлері ер адамның орналасқан жерін анықтап, оны ұстап, полиция бөліміне жеткізген.

ІІМ мәліметінше, ұсталған ер адам бұрын Ақтөбе облысы аумағында жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінген.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу