USD
USD
USD

Оралда үш притонның әрекеті әшкереленді

Орал қаласында жедел іздестіру іс-шаралары барысында жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұстағандардың қылмыстық әрекеті белгілі болды. 

Притон
Фото: БҚО полиция департаменті

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 51 жастағы әйел 2024 жылдың наурызынан биылғы мамырға дейін қаладағы сауналардың бірінің аумағында ақшалай сыйақыға интимдік қызмет көрсету үшін арнайы орын ұстаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Бұдан бөлек, осы мерзімде екі әйел адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырған. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің бірі уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сондай-ақ алдын ала сөз байласып, притон ұйымдастырды деген күдікпен тағы алты әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл дерек бойынша Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Аталған қылмысқа қатысы бар адамдардың бәрі ҚР Заңына сәйкес жауапқа тартылады, - деп хабарлады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси