USD
USD
USD

Оралда студентті тонаған күдікті ұсталды

Оралда студентті тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталды
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Орал қаласында полиция қызметкерлері студентті қорқытып ақшасын иемденген 21 жастағы азаматты ұстады. Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің телефоны арқылы банктің мобильді қосымшасынан өзіне ақша аударып алғаны анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ұсталған азаматтың бұған дейін де әртүрлі қылмыс үшін сотты болғаны белгілі болды. Заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны көздейді.

Полиция азаматтарды мұндай жағдайларға тап болған кезде дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат