USD
USD
USD

Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтті

Орал қаласында ересектер, жастар және юниорлар арасында садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Қазақстанның 10 өңірінен 260 спортшы қатысқан.

Садақ ату
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. 26 шілде мен 1 тамыз аралығында өткен чемпионатта Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының үздік садақшылары бақ сынады.

Жарыстың негізгі мақсаты – спортшылардың шеберлік деңгейін бағалап, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын үздік мергендерді іріктеу. Чемпионат қорытындысы бойынша Азия ойындарына, әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем кубогі кезеңдеріне және Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасына үміткерлер анықталды.

Чемпионаттың жабылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, Қазақстан Республикасы Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Азамат Үсімбеков және Батыс Қазақстан облысы садақ ату федерациясының президенті Нұрлан Ақнұров қатысты.

Іс-шара барысында садақ ату спортын дамытуға үлес қосқан азаматтар марапатталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. Чемпионат өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен және садақшылардың арнайы көрсетілім қойылымымен қорытындыланды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға белшеден қарыз. Полипропилен НЕГЕ өзін ақтамай жатыр?

.

Алматыда зейнеткерді алаяқтардан құтқарған курьер марапатталды

Курьер красавчик

ФСБ Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады

Павел Дуров

Оралда инсульт алған науқасқа дер кезінде көмек көрсетілмеген: аурухана 4 млн теңге төлейді

аурухана