USD
USD
USD

Оралда пәтер тонаушылар тобы ұсталды

Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жеке үйлерді тонады деген күдікпен қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жеке үйлерді тонады деген күдікпен қылмыстық топты ұстады. Биылғы жылдың ақпан айында Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында бірнеше ірі ұрлық болды.

Қылмыскерлер үш үйге пластикалық терезені итеріп кіріп, алтын бұйымдарды (сырға, сақиналар, алқалар және т.б.) және ақшалай қаражатты ұрлаған. Ұрлық кешкі және түнгі уақытта үй иелері болмаған кезде жасалғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыстың төрт тұрғынын ұстады.

Олардың үшеуі бұрын бірнеше рет ұрлық, тонау және алаяқтық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды. Ұрланған заттардың бір бөлігі күдіктілер өткізіп жіберген орындардан тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты үш эпизод бойынша алдын ала тергеу басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жалпы шығын сомасы 2 миллион теңгеден асады.

Қылмыскерлердің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа коксты батареялар мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі