USD
USD
USD

Оралда Marvel кейіпкерлерінің костюмін киіп алып, жол ережесін бұзғандар айыппұл төледі

Оралда Marvel кейіпкерлерінің костюміндегі автокортеж жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 15 маусым күні кешкі уақытта Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше көліктен тұратын ерекше автокортежді тоқтатты. Көлік жүргізушілері мен жолаушылары Marvel киноәлемінің кейіпкерлерінің костюмдерін киіп алғанымен, олардың ерекше бейнесі жол ережесін бұзған жауапкершіліктен босатпады.

Тексеру нәтижесінде автокортеж қатысушылары бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Нәтижесінде келесі әкімшілік хаттамалар толтырылды:

– ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі бойынша – 11 хаттама (қауіпсіздік белдігін тақпау);

– 590-баптың 5-бөлігі бойынша – 3 хаттама (мемлекеттік нөмір белгілеріне қойылатын талаптарды бұзу);

– 593-баптың 3-бөлігі бойынша – 1 хаттама (алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыны тасымалдау);

– 595-баптың 1-бөлігі бойынша – 1 хаттама (жол қиылыстарынан өту тәртібін бұзу);

– 590-баптың 2-бөлігі бойынша – 1 хаттама (пайдалануға тыйым салынған техникалық ақауы бар көлік құралын басқару). 

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат