USD
USD
USD

Оралда есірткіге мас күйде көлік жүргізген ер адам ұсталды

Орал қаласында полиция бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған құқық бұзушыны ұстады. Ол есірткіге мас күйде автокөлік жүргізіп, тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған, деп хабарлайды Polisia kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Мирлан Жанұзақов пен Арман Көшігенов Жайық өзенінің маңындағы 1, 2, 3 саяжай ауданында патрульдеуді жүзеге асыру кезінде, Ваз-2110 күдікті автокөлікті байқады.

Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы талаптарын елемей, қозғалысын жалғастыра берген.

Жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төнуі мүмкіндігін ескеріп, полицейлер оның соңынан ерген. Біраз жүргеннен кейін жүргізуші көлікті тоқтатып, қаша жөнеледі. 150-200 метрге жүгіргеннен кейін ол суға секіреді. Полиция қызметкерлері оны судан шығарып, қашқынды құтқарды.

Құқық бұзушының бұрын сот шешімі бойынша жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны үшін көлік құралын өмір бойы басқару құқығынан айырылған Подстепное ауылының тұрғыны екендігі белгілі болды. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші есірткіге мас күйде болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.