Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Оралда екі қыздан 1,6 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Оралда 1,6 келіге жуық синтетикалық есірткімен екі қыз ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алмат, NEGE. "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында eсірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні тығып кету әдісімен таратты деген күдікпен 26 жастағы екі азаматшаны ұстады.

Күдіктілер қала маңындағы орман алқабында қолға түсті. Жеке тінту барысында олардың жанынан ұнтақ тәріздес зат салынған 30 орама табылды. Жалға алған пәтерін тінту кезінде ұқсас заттар салынған 125 орама, ақ және қызыл түсті ұнтақ тәріздес заттары бар 5 контейнер, қара-сұр түсті тас тәріздес зат салынған 1 контейнер, сондай-ақ электронды таразы, zip-пакеттер және оқшаулағыш ленталар тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша, алынған заттар: "Alpha-PVP" — 817,16 грамм, мефедрон — 782,44 грамм, гашиш — 192,13 грамм. Барлығы 1 келі 599,6 грамм есірткі заты анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде: жеткізу арналары мен ықтимал сыбайластар анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық