USD
USD
USD

Оралда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Орал қаласында «Жайық Аренада» дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Kazinform.

Чемпионат
Фото: Ғайсағали Сейтақ

Алматы, NEGE. Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашевтің айтуынша, жаңадан ашылған спорт сарайында осындай деңгейде алғаш рет өтіп отырған жарысқа еліміздің 17 облысы мен үш қаладан 836 жас дзюдошы қатысып жатыр.

Бұл — рекордтық көрсеткіш. Осыған дейін жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында ең көбі 2023 жылы 818, өткен жылы 813 спортшы бақ сынаған еді.

— Мұның сыры мынада — осыған дейінгі чемпионаттарда алдыңғы орын алған облыстар әр салмақ бойынша төрт спортшыдан қойып жатыр. Төрт күнге созылатын додада үздіктер анықталатын болады. Ұлттық құрама бапкерлері осында. Жарыс қорытындысына сәйкес әлем және Еуропа кубогы, әлем, Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайтын дзюдошылар анықталады. Өткен жылы Париж Олимпиадасында Елдос Сметовтің алтын алып, тарихи жеңіске қол жеткізгені белгілі. Соның нәтижесінде дзюдоға бет бұрған жастардың қатары көбейе түсті, – деді А.Имашев.

Қазір оқып жатыр

«Кітап оқитын ұлт» жобасына миллионнан астам қазақстандық қосылды

"Кітап оқитын ұлт" жобасы

Әр адамға кемінде 15 шаршы метр: Алматыда тіркеу бойынша жаңа шектеу енгізілді

тұрғын үйге тіркеу

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті

Тоқаев ОСК, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот төрағаларын қайта тағайындады

Әбдіров, Смайылов, Әзімова