30 Қаңтар 13:28
...

Оралда дзюдодан Қазақстан чемпиондары анықталды

Дзюдо
Фото: ҰОК

Оралда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Алматы, NEGE. Жекелей жарыстар нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте Шымкент қаласы (3 алтын, 2 күміс, 5 қола) көш бастады.

Алматы қаласының (3 алтын 1 күміс, 1 қола)спортшылары екінші орыннан көрінсе, Қарағанды облысының (3 алтын, 3 қола) құрамасы спортшылары үздік үштікті түйіндеді.

Чемпионаттың соңғы күнінде спортшылар аралас-командалық жарыс бойдынша үздік команданы анықтады.

Аралас-командалық жарыс нәтижесі бойынша Атырау облысының құрамасы Қазақстан чемпионы атанды. Финалда есе жіберген Алматы қаласының құрамасы күміс жүлдеге ие болса, Астана қаласының құрамасы мен Қарағанды облысының құрамасы қола жүлдені теңдей бөлісті.

Айта кетерлігі, аталмыш ел біріншілігіне Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен 17 облыстан 2008-2009 жылдары туған 900-ге жуық жасөспірім спортшы қатысты. Оралда мәресіне жеткен Чемпионат аясында 2025 жылғы спорт маусымына жаңа құрама жасақталады.

Қазақстан чемпионатында төрт супервайзердің жетекшілігімен 24 төреші төрелік етті. Жарыстың әділ, әрі жоғары дәрежеде өтуін қамтамасыз ету мақсатында төрешілер бейне-қайталау жүйесімен жұмыс істеді.

Назарларыңызға жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

Ұлдар:

-50 кг

1. Әбіш Пердалы (Шымкент)

2. Мерей Дәулетқан (Алматы облысы)

3. Арман Ныса (Алматы облысы)

3. Жалғас Өміржан (Атырау облысы)

-60 кг

1. Бақдәулет Қабдешов (Алматы)

2. Ернұр Батырғали (Түркістан облысы)

3. Дамир Асылбекұлы (Атырау облысы)

3. Жанәділ Абай ((БҚО)

-66 кг

1.Мұхаммедали Жылқайдар (Алматы облысы)

2. Ролан Қайырғали (Атырау облысы)

3. Заманбек Бақтығали (Атырау облысы)

3. Нұрдәулет Дүйсенбай (Қызылорда облысы)

-73 кг

1. Жаханшах Шахмарданұлы (Маңғыстау облысы)

2.Әділ Жұмабай (Ақтөбе облысы)

3.Мырзатай Қыдырбай (БҚО)

3.Әлнұр Шамдаулет (Түркістан облысы)

-81 кг

1. Ерасыл Болатбек (Алматы)

2. Дастан Құрбанов (Қызылорда облысы)

3. Шындар Латипбек (Түркістан облысы)

3. Қажымұқан Байзақ (Қызылорда облысы)

-90 кг

1. Батыржан Тоқтар (Алматы облысы)

2. Алдияр Ризабек (Абай облысы)

3. Дамир Рихард (Қарағанды облысы)

3. Ерасыл Абибулла (Шымкент)

+90 кг

1. Әділжан Жаудинов (Қарағанды облысы)

2. Сәтімбек Ерасыл (Жамбыл облысы)

3. Арслан Русланұлы (Шымкент)

3. Әли Мақсұтұлы (Атырау облысы)

жоғары дәрежеде өтуін қамтамасыз ету мақсатында төрешілер бейне-қайталау жүйесімен жұмыс істеді.

Назарларыңызға жасөспірімдер арасында өткен

Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

Қыздар:

-40 кг

1.Ульяна Пряхина (Қарағанды облысы)

2. Адия Жанахмет (Шымкент)

3. Назым Талғат (Жамбыл облысы)

3. Талшын Мағанат (Қызылорда облысы)

-44 кг

1. Інжу Сахабаддин (Қызылорда облысы)

2. Айнара Сейітжанова (Абай облысы)

3. Севич Абдукадырова (Шымкент)

3. Шахсанам Рахимжанова (Жетісу облысы)

-48 кг

1.Әсел Русланова (Атырау облысы)

2. Аяжан Ринатқызы (Абай облысы)

3. Сандуғаш Молдағали (Қызылорда облысы)

3. Айханым Нұрланқызы (Түркістан облысы)

-52 кг

1. Інжу Жұмажан (Атырау облысы)

2. Фатима Супугалиева (БҚО)

3. Жанайым Маратбек (Жетісу облысы)

3. Аяжан Дүрәлі (Жамбыл облысы)

-57 кг

1.Кира Хегай (Жетісу облысы)

2. Асия Сариева (Алматы)

3.Балнұр Дастанқызы (Атырау облысы)

3. Еркеназ Сембек (Жамбыл облысы)

-63 кг

1. Нұрсезім Тұрлыбек (Шымкент)

2. Азима Серік (Алматы облысы)

3. Аяулым Исаева (Алматы)

3. Сәуле Кожасова (Қызылорда облысы)

-70 кг

1. Гүлсезім Тұрлыбек (Шымкент)

2. Ұлдана Ходжаназарова (Маңғыстау облысы)

3. Айша Алтай (Қарағанды облысы)

3. Амина Файзулина (Астана)

+70 кг

1. Рамиля Арыстанбекова (Қарағанды облысы)

2. Хадиша Кенжеханқызы (Жетісу облысы)

3. Рената Бекимова (Қарағанды облысы)

3. Снежана Якубова (Шымкент)