USD
USD
USD

Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жергілікті тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікпен жастар тобын ұстады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жәбірленуші әлеуметтік желіде танысуға арналған арна арқылы бір қызбен сөйлескен. Хат алмасу кезінде қыз оны өз үйіне кездесуге шақырған. Алайда көрсетілген мекенжайға келген кезде, пәтерге үш белгісіз жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні сыртқа шығарып, өздерін қыздың ағасы ретінде таныстырып, қорқытып ақша талап еткен. Қорыққан жәбірленуші телефонын күдіктілердің біріне берген, ол банк қосымшасы арқылы өзінің банк шотына ақша аударып алған. Жедел-іздестіру шаралары барысында барлық қатысушылар анықталып, ұсталды.

Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бес күдіктінің төртеуі — Орал қаласындағы колледж студенттері, олардың бірі — сол кездесуге шақырған қыз.

Полиция тергеу жұмыстарын жалғастыруда және азаматтарды интернеттегі арандатушылықтарға алданбай, мұндай жағдайлар болған кезде бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам