USD
USD
USD

Оралда бастауыш сынып мұғалімі кісі қолынан қаза тапты

Оралда бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өз пәтерінде өлтіріп кетті. Мұғалімнің мәйіті 25 сәуірде табылды. Бұл туралы «Мой город» хабарлады.

Қылмыс
Фото: Мой город

Алматы, NEGE. Полицияның мәліметінше, іс 99-бап "Кісі өлтіру" бойынша тергеліп жатыр. Жедел іздестіру шаралары жүріп жатқандықтан, басқа мәліметтер жарияланбайды.

Қалалық білім бөлімі марқұмның ұқыпты әрі жауапкершілігі мол ұстаз екенін айтып берді. Мұғалімдік жұмыс өтілі 40 жыл, 35 жыл бір мектепте жұмыс істеген.

Никитина жұмыс істеген №9 мектеп ұжымы әлеуметтік желіде көңіл айтты.

"25 сәуірде мектебімізде құрылған күннен бастап жұмыс істеген бастауыш сынып мұғалімі Надежда Владимировна Никитина кенеттен көз жұмды, Надежда Владимировна жұмыс барысында бір емес бірнеше ұрпақ тәрбиелеп өсірді, өз ісінің кәсіби маманы, сүйікті ұстаз болды. Жүздеген ұлдар мен қыздар жақындары үшін орны толмас қайғы-қасірет”, – деп жазған мектеп ұжымы.

Көршілерінің айтуынша, ол мейірімді, жауапкершілігі мол, жанашыр адам болған. Мұғалім бос уақытында өзі тұрған үйдің өміріне белсене араласты.

"Өте ақкөңіл, жауапкершілікті жақсы адам 24 жыл бірге тұрдық, ол жақында анасын жерледі, тоғыз күн болды. Күйеуі 10 жыл бұрын мерт болды. Оның артында екі қызы, бір ағасы және немерелері қалды", – дейді көршісі Әлия Есқалиева.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазан есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Шавкат Рахмонов