Оралда әкімдерден ақша бопсалаған блогер сотталды
43 жастағы блогер Айболат Бөкенов бопсалау, алаяқтық және қылмыстық жолмен алған ақшаны заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде «Мой город» басылымы хабарлады.
Тергеу деректеріне сәйкес, ол аудан әкімдерінен, шенеуніктерден және депутаттан ақша талап еткен. Ол қаржылай сыйақыға әлеуметтік желідегі шенеуніктердің жұмысын сынаған жарияланымдарын өшіруге және «көмек» көрсетуге уәде берген.
Сот блогердің билікті сынау арқылы аудитория жинап, кейін танымалдығын ақша табу құралы ретінде пайдаланғанын анықтады. Тергеу нұсқасына сәйкес, алынған қаражаттың бір бөлігін ол бәске тігіп отырған.
25 ақпанда Орал қалалық соты Бөкеновке үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.
Барлық жәбірленуші келтірілген шығынды өтеуді талап етті. Бөкенов кінәсін мойындап, ақшаны қайтаруға уәде берді.
Үкім шыққанға дейін ол үйқамақта болған. Үкім жарияланғаннан кейін блогер сот залында қамауға алынды.