USD
USD
USD

Орал қаласында үйдің ауласынан мина табылды

Орал қаласында үйдің ауласынан мина табылды, деп хабарлайды БҚО полиция департаменті.

Орал қаласында үйдің ауласынан мина табылды
Фото: NEGE.kz

Орал, NEGE.  Оқиға 3 қараша күні сағат 16.30-да Сарайшық көшесіндегі 92/1-мекенжайында болды.

Сонда тұратын 35 жастағы ер адам жер қазу жұмыстары кезінде минаға ұқсас зат тапқан.

Мамандардың пайымдауынша, бас жарылғышы жоқ, танкіге қарсы қолданылатын мина азамат соғысы кезінен қалған.

БҚО полиция департаментінің саперлары минаны қауіпсіз жерге, полигонға шығарып, сағат 18.12-де жойды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі