2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Орал қаласында балабақшалардың жұмысы қайта тоқтатылды

Орал қаласында балабақшалардың қызметі қайта тоқтатылды. Бұған дейін БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өңірде коронавирусқа шалдығу деңгейінің төмендемеуіне байланысты карантин мерзімін 15 маусымға дейін ұзартқан болатын.

Орал қаласында балабақшалардың жұмысы қайта тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық білім беру бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, жағдайдың күрделілігін ескере отырып, балалардың қауіпсіздігі үшін қала әкімдігі жанындағы жедел штабтың 24 мамырдағы отырысы негізінде карантин режимі аяқталғанша барлық меншік түріндегі балабақшалардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды. Бөлім басшысы Ақжарқын Темірханованың айтуынша, облыс орталығында 50 балабақша бар. Балабақшалар бұған дейін 20 мамырда қызметін бастап, үш күн бойы бүлдіршіндерді қабылдаған еді. Еске сала кетейік, бүгін таңдағы мәлімет бойынша Батыс Қазақстан облысында тағы 16 адам коронавирус жұқтырып, өсім деңгейі 4,3 пайызды құрады. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер