USD
USD
USD

Орал қалалық саябағындағы кафеде өлтірілген кәсіпкердің ісін тергеу аяқталды

Күдіктілерге: 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылды (алдын ала сөз байласу бойынша топ болып адам өлтіру). Қазіргі уақытта іс тергеу материалдарымен танысу сатысында тұр, деп хабарлайды Уральская неделя.

Орал қалалық саябағындағы кафеде өлтірілген кәсіпкердің ісін тергеу аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, 6 тамызда сағат 21:30 шамасында Қожантаев пен Амангелді кәсіпкер Еркін Мұханғалиевпен «Рахам-Лукум» кәсіпкердің кафесінде кездесуге келді. 

Іс материалдарына сәйкес, кездесу барысында Қожантаев барсеткадан пышақ алып, кәсіпкер Мұхангалиевті мойын аймағына үш рет ұрған, кәсіпкер терезеден қашып кетпек болғанда, күдікті оны қуып жетіп, арқасына тағы үш рет ұрған. Кәсіпкер кафенің жанындағы автотұрақта қайтыс болды, ал Қожантаев пен Амангелді қашып кетті. Барлық болып жатқан оқиғаларды кафеде бейнекамералар түсірді. 

Екі күннен кейін, 8 тамызда полиция күдіктілерді «Телеорталық» ауданындағы саяжай массивінде ұстады. 

ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Алдын ала сөз байласу арқылы қасақана өлтіру» бойынша күдіктілер бас бостандығынан айыру он бес жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі мерзімге жазалануы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.