USD
USD
USD

Орал тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 3,6 жылға сотталды

Орал тұрғыны синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін 3,6 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі
Фото: Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. 2023 жылдың жазында Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Локомотив депосы ауданында Орал қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында ұсталғаннан есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 1,07 грамм болатын Альфа-PVP синтетикалық есірткі заты болып шықты. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаскүнемге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы еліміздің көлік полицейлері 403 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 33 өткізу фактісі, 22 аса ірі көлемде сақтау фактісі.

Заңсыз айналымнан 428 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай