USD
USD
USD

Оппозициялық Telegram-арнаның негізін қалаушы Протасевич үйқамаққа ауыстырылды

Минск әуежайында ұсталған Беларусьтегі Nexta оппозициялық Telegram-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевич үйқамаққа ауыстырлды. Бұл туралы БАҚ-қа оның әкесі Дмитрий Протасевич айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оппозициялық Telegram-арнаның негізін қалаушы Протасевич үйқамаққа ауыстырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Маған биліктің іс-әрекетіне пікір айту қиын, олардың мақсаттары не... Мүмкін ол қандай да бір саяси ойынға араласқан шығар», – делінген Роман Протасевичтің әкесі айтқан сөздерден келтірілген хабарламада.

Ол адвокат пен билік ештеңе түсіндірмегенін айтқан.

«Бұлтартпау шарасын өзгерткендері, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін. Алайда кейін не болатыны белгісіз», – деп жазды басылым Протасевичтің әкесінің сөздерін келтіріп.

Агенттік мәліметі бойынша, Минскіде Протасевичпен бірге ұсталған ресейлік Софья Сапега да үй қамауына алынған. София қазіргі уақытта Минскіде жалдамалы пәтерде.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған.

«Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды», – делінген әуежай хабарламасында. Кейін бомба қойылды деген ақпарат расталмады. 

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич және оның қызы Софья Сапега болған. Олар ұсталды. Артынша батыс елдері де болған жайтқа пікір білдіріп, Протасевичті дереу босатуды талап етті. 

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park