USD
USD
USD

Оппозиция кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатын ұсынды

 Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Нұрлан Әуесбаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. 

Оппозиция кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатын ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, бүгін партияның кезектен тыс сессиясы өтті. Онда президенттікке кандидат ретінде Нұрлан Әуесбаев үміткер ретінде ұсынылып, жиналғандар бұл ұсынысты қолдаған.

Аталған партия мәліметінше, заңгер әрі экономист Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев 1957 жылдың 17 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2021 жылы ЖСДП-ның Астана филиалының төрағасы болып сайланған. Айта кетейік, кеше «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтіп, онда президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев бекітілген еді.

Ал 6 қазанда AMANAT, «Ақ жол» мен Қазақстан халық партияларының съезі өтеді. Онда аталған саяси ұйымдар өз кандидаттарын ұсынбақ. Кезектен тыс президент сайлауы 20 қараша күні өтеді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев