USD
USD
USD

«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда.

«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Мұхтарова Шынар Оралғазынқызы күдікке ілінді.

«Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ агенттік здестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат берген адамға 4 000 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы берілетінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт