USD
USD
USD

Опера және балет театры ұжымы неге шу шығарды?

Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театры әртістері қойылымнан кейін наразылық акциясын ұйымдастырды.

Опера және балет театры ұжымы неге шу шығарды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар сахнаға плакаттармен шығып, директорды жұмыстан босатпауды өтініп және Ая Қалиева бұл лауазымнан заңсыз босатылды деп санайды. Егер ол қайтарылмаса, жүздеген актер театрдан кетуге ниетті. 

 Мәдениет және спорт министрлігінің шешімімен театр директоры қызметінен босатылыпты. Бірақ бұл туралы ресми түрде емес, пошта арқылы хабарланған болатын.

«Болып жатқан жағдайдың бәрі тек басшымызды ғана емес, бүкіл театрды қорлау болып табылады. WhatsApp арқылы жұмыстан шығару, ақылға қонымсыз. Бұл шешімге министр емес, депутат қол қояды. Қазір болып жатқан нәрсе мүлдем бос сөз, олай болмауы керек. Театр әртістері Мәдениет министрлігінің шешімін заңсыз деп санайды. Директорды қызметінен босатуға ешқандай себеп жоқ», – дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Андрей Трегубенко. 

Ая Калиеваның еңбек шарты былтыр жаңартылған екен. Бұл туралы   мән-жайын түсіндірген министрлік:

«Калиева А.Ж.-мен еңбек шарты белгілі бір мерзімге, яғни 2021 жылдың 18 ақпанына дейін жасалды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі еңбек шартын бұзғаны туралы хабарламаны Калиева А.Ж. еңбек шартының көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын хабарлады. Хат театрдың мекен-жайына жіберілді»,  – дейді Мәдениет және спорт министрлігі.  

Алайда, «Осындай мықты басшыны қызметінен босату – мәдени сала үшін үлкен қателік», – дейді театр ұжымы. «2 жыл ішінде Ая Жакенқызы театрдың деңгейін көтерді. Біздің театр ТМД елдері бойынша үшінші орында. Бұл күнделікті жұмыстың арқасында. Мұндай басшылар өте сирек», – дейді Мұхтар Қалдаяқов. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.