USD
USD
USD

Опера әншісі Мария Мудряк жол апатына ұшырады

Танымал опера әншісі, Дарын жастар сыйлығының иегері Мария Мудряк жол апатынан аман қалды.

Опера әншісі Мария Мудряк жол апатына ұшырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мен Қазақстандамын, кеше біздің екінші туған күніміз болды! Ең алдымен отбасымыздың атынан қиын сәтте бей-жай қалмай, көмекке келген барлық мейірімді және қамқор адамдарға рақмет айтқым келеді! Біз Павлодарға үйге бара жаттық және көктайғақтан көлігіміз екі рет аударылып, жыраға ұшып кетті. Құдайға шүкір, бәріміз аман қалдық», - деп жазды әнші Instagram желісінде.

Оның айтуынша, өтіп жатқан көліктердің бәрі тоқтап, 15 адам қардан шығаруға көмектескен. «Мен олардың аттарын білмеймін, бірақ осындай қамқор адамдар барда әлемнің тынысы тоқтамайды! Міне, біздің қазақстандықтар осындай. Баршаңызға рақмет!!!», - дейді М. Мудряк. Еске сала кетсек, ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысының жолдарында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті