12 Қазан 11:40
...

ОПЕК оптимист? НЕГЕ картель мұнайдың болашағына сенуін тоқтатар емес?

Фото:

ОПЕК өзінің 60 жылдық мерейтойына орай 2045 жылға арналған әлемдегі мұнайдың тұтыну көлемі бойынша болжамын жариялады. Картель батысқа емес, шығысқа көбірек сеніп отыр.

Үндістан 2045 жылға қарай әлемдегі ең ірі мұнай тұтынушысы болады деп жазады, ОПЕК. Дәл осы кезде дамыған батыс елдерінде мұнайы дәуірі толықтай аяқталмақ. Сондықтан ОПЕК үшін батыспен емес, шығыспен көбірек диалог құрған маңызды.

«Дамыған елдер үшін мұнай дәуірі аяқталды. 2045 жылға қарай бұл елдердегі мұнайға деген сұраныс 13 миллион баррельге, яғни 34,8 миллион баррельге дейін төмендеуі мүмкін»

«Қазір әлемдегі энергетикалық баланстағы мұнайдың үлесі 31,5% болып тұр», - дейді, Экономикалық бастамаларды қолдау қорының сарапшылары. «Уақыт өткен сайын оның үлесі азаятыны анық».

«Бірақ экономистер мен ОПЕК болжауы арасында алшақтық бар. ОПЕК 2045 жылға қарай мұнайдың ортақ энергетикадағы үлесі 27,5% болады деп отыр. Біздіңше, бұл тым оптимистік пікір сияқты»

ЭБҚҚ сарапшыларының ойынша, тіпті Үндістан мен Қытай мұнайды көп көлемде тұтынады деп болжанғанмен, технологиялық тұрғыда Қытайдың жел мен күн энергиясы құрылғыларын жыл санап арттыра беру мүмкіндігі бар. Қытай егер қажет деп тапса, жасыл энергетикаға толықтай өте алады. Үндістан да бәсекелес көршісіне қарап, мүнайға деген тәуелділігін азайтуға күш салуы мүмкін.

ОПЕКтің дамыған елдерге қарағанда, дамушы елдерден үміт күтіп отырғаны түсінікті. Картель болжауынша, дамушы елдерде мұнай тұтыну көлемі 2025 жылға қарай тәулігіне 5 миллион баррельге дейін өспек. Мұнай эрасы аяқталса да, газға деген сұраныс керісінше көбейе береді. Демек, газ өндіруші елдер табысты болып қала бермек.

Тегтер: