Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ОПЕК+ наурызда өндірісті қысқарту жоспарын 113%-ға орындады

Иран санкцияларға қарамастан бір тәуліктегі мұнай көлемін 2,3 млн баррельге дейін арттырды. ОПЕК+ елдері 2021 жылғы наурыз айында бір тәулікте 39,79 млн баррель мұнай өндірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ОПЕК+ наурызда өндірісті қысқарту жоспарын 113%-ға орындады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл көрсеткіш ақпандағыдан 0,27 млн баррельге көп. Наурызда өндірісті қысқарту жоспары 113% -ға орындалды. Ақпан айында 112%-ға іске асқан еді. ОПЕК елдері бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 21,02 млн баррельге дейін, ОПЕК-ке кірмейтін елдер 14,7 млн баррельге дейін қысқартты. ОПЕК-тегі төртінші ірі мұнай өндіруші саналатын Иран санкцияларға қарамастан өткен айда бір тәуліктегі мұнай көлемін 2,3 млн баррельге дейін арттырды. Бұл – соңғы екі жылдағы рекордтық көрсеткіш. АҚШ 2018 жылдың күзінде Иранға қарсы мұнай санкцияларын енгізіп, 2019 жылдың көктемінде шектеуді күшейткен еді. Санкцияларға дейін Иран тәулігіне 4 миллион баррель өндірген болатын.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық