USD
USD
USD

ОПЕК ескі әдетіне басты

Күрделі бірақ маңызды шешімдерді шешетін кезде ОПЕКтің оны кейінге қалдыратын жаман әдеті бар. Кеше қабылдануы тиіс шешім енді 1 желтоқсанға қалып отыр.

ОПЕК ескі әдетіне басты
Фото: NEGE.kz

ОПЕК+ техникалық комитеті кезекті отырысында қазіргі қабылданған мұнай өндіру лимиттерін сақтап қалу туралы шешім шығарады деп күтілген еді. Бірақ оның алдында, Pfizer вакцинасының коронавируспен күрестегі үлкен перспективалары туралы жаңалық шыққаннан кейін, ОПЕК қатысушылары арасындағы пікірлер мүлде алшақтап кетті. Әзірге квоталар қабылданбады және оның келесі жылғы мөлшері қандай болатыны жөнінде ақпарат жоқ.

Квота мөлшері бойынша ОПЕКтің ірі ойыншылары Сауд Арабиясы да, Ресей де асығар емес. Жалпы ОПЕКтің мәселені осылай тығырыққа тіреп барып, соңғы секундтарда шешетіні біз үшін үйреншікті көрініске айналып барады. Сауд Арабиясының энергетика министрі ханзада Абдель Азиз бен Салман мұнай нарығын «қазір тұрақсыз» деп бір сөзбен бағалаған. Ал Біріккен Араб Әмірліктері жаңа шешім қабылданбай тұрып, қазіргі келісімдердің барлығын орындап біту қажет деп мәлімдегенін жазады, Bloomberg.

ОПЕК+ техникалық комитетінің келесі жоспарланған отырысы 16 желтоқсанда, ал министрлердің мониторинг комитеті 17 желтоқсанда өтеді. Осы уақытқа дейін тараптар квота бойынша келісімге келуі тиіс.

Сарапшылар, егер қазіргі тенденциялар сақталса, келісімнің ағымдағы параметрлерін үш айдан алты айға дейін ұзарту коммерциялық қорларды 90-170 миллион баррельге азайтуға мүмкіндік береді деп отыр.

Бұл егер әлем коронавирусты еңсере бастаса, мұнай бағасы көтерілуі мүмкін деген сигнал береді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер