USD
USD
USD

ОПЕК биылғы сұранысқа қатысты болжамын жариялады

Сарапшылардың айтуынша, сұраныс көлемі бір тәулікте 100 мың баррельге қысқарып, 5,8 миллион баррельге дейін төмендейді. ОПЕК биыл мұнайға деген сұраныс аз болады деген болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ОПЕК биылғы сұранысқа қатысты болжамын жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Сарапшылардың айтуынша, сұраныс көлемі бір тәулікте 100 мың баррельге қысқарып, 5,8 миллион баррельге дейін төмендейді. Шектеу шараларының ұзартылуы және кейбір елдерде жаңа локдаунның енгізілуі салдарынан осындай динамика орнайды. 11 ақпанда Халықаралық энергетикалық агенттік осыған қатысты өз болжамын ұсынған еді. Агенттік бір күндік сұраныс 5,4 миллион баррельге дейін түсетінін, бірақ екінші жартыжылдықта сұраныстың артатынын жариялады. Еске сала кетсек, 9 ақпанда Brent баррелінің бағасы 61 доллардан асқан болатын. Бұл өткен жылдың қаңтар айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Мұнай бағасының өсуі ОПЕК+ келісіміне қатысушылардың позициясына тәуелді. Альянс мүшелері жыл соңында өндірісті шектеу бойынша мәміле шарттарын қатаңдатуға уағдаласты. Енді олардың келесі кездесуі наурыз айында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары