USD
USD
USD

Оңтүстікте субсидияға бөлінген 103 млн теңге жымқырылған: бір күдікті қамауға алынды

Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік субсидияларды жымқырды деп күдікке ілінген қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады. Келтірілген залалдың жалпы көлемі 103 млн теңге деп бағаланып отыр.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Агенттік мәліметінше, заңсыз схеманы жүзеге асыру үшін үшінші тұлғалардың атына ресми түрде тіркелген төрт жеке кәсіпкерлік пен екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік – «Нұр-Келес» және «Бимен С.» пайдаланылған.

Бұл кәсіпкерлік нысандары арқылы күдіктілер ақпараттық жүйелерге ауыл шаруашылығы жануарлары сатып алынғаны, сондай-ақ асылдандыру жұмыстарының жүргізілгені туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізген. Кейін осы мәліметтердің негізінде субсидия алуға электрондық өтінімдер берілген.

«Бұл кәсіпкерлік нысандарын күдіктілер өздеріне берілген электрондық цифрлық қолтаңбалар, мөрлер және банк шоттарын басқаруға құқық беретін нотариалды сенімхаттар арқылы іс жүзінде бақылауда ұстаған», – делінген ведомство хабарламасында.

Соның салдарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға арналған бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалған.

Сот санкциясымен күдіктілердің екі тұрғын үйі мен төрт автокөлігіне, автотұрақ орнына және жер теліміне тыйым салынды. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты