USD
USD
USD

Оңтүстікте өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырғандар емхана басшысынан 15 млн теңге талап еткен

Түркістан облысында медициналық мекеме басшысынан ақша бопсаламақ болған екі адам сотқа тартылды.

алаяқтық
Фото: ҚМА

Астана, NEGE. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, МӘМС саласында қаражат жымқыру деректері ашылып жатқан тұста ведомство қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткен.

ҚМА мәліметінше, алаяқтар емхана басшыларына өздерін агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, «заңбұзушылық анықталғанын» алға тартып, қылмыстық жауапкершілікпен қорқытып, ақша талап ететін болған.

Осындай алаяқтық схемасы Түркістан облысында анықталған. Мұнда екі адам агенттік қызметкерінің атын жамылып, медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге көлемінде ақша алмақ болған. Олар алдымен 5 млн теңге алған, кейін тағы 10 млн теңге беруді талап еткен.

ҚМА өкілдерінің хабарлауынша, олар 8 тамызда қылмыс үстінде ұсталды. Сот сыбайластарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу