USD
USD
USD

Оңтүстік өңірлерде заңсыз жүргізуші куәлігін жасаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Оңтүстік өңірлерде заңсыз жүргізуші куәлігін берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жамбыл облысында полицейлер еліміздің оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

Олар тиісті оқыту сабақтарын және көлік басқаруын тәжірибе жүзінде тексерместен, ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәліктерін заңсыз берумен ұзақ уақыт бойы айналысқан. Қылмыстық схемаға ХҚКО қызметкерлері және жоғарыда аталған өңірлерден жүргізуші куәлігін алғысы келетін клиенттерді іздеумен айналысқан «көмекшілер» кірген.

Құжаттар Тараз қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделіп, берілген. Осы жылы 12 ақпанда жоғарыда аталған өңірлерде күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері бойынша құрықтау және тергеу іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары ұсталды.

Тіркелген қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 35 дерегі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский