USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяның президенті қамауға алынды

Оңтүстік Кореяның уақытша қызметінен шеттетілген қазіргі президенті Юн Сок Ельдің қамауға алынғаны белгілі болды. 

Юн Сок Ёль
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол елде бүлік шығарды деген айыппен ұсталып отыр. 

3 қаңтарда Оңтүстік Корея тергеушілері уақытша шеттетілген президентті тұтқындау туралы бұйрықты орындауға тырысты, бірақ президенттік күзетпен бес сағаттан аса қарсыласқаннан кейін берілуге мәжбүр болды. 14 қаңтар күні таңертең тергеушілер оны екінші рет қамауға алу ниетімен ресми резиденциясына келген.

15 қаңтарда таңертең тергеушілер тұтқындау үшін мемлекет басшысының резиденциясына барған, бірақ тергеушілер президенттің қауіпсіздік қызметімен қақтығысып қалды. Шамамен 2,5 сағаттан кейін баспалдақтарды қолданып, полиция мен сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасының қызметкерлері резиденцияға кірді. Операцияға 200-ге жуық полиция мен 40 тергеуші қатысты.

Юн қамауға алынар алдында бейнеүндеу жолдап, қамауға алудың заңсыз екенін мәлімдеді. Ол полиция мен күзетішілері арасындағы қантөгістен бас тартып өзі берілгенін жеткізді.

Естеріңізде болса, желтоқсан айының басында Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізбекші болған. Бұл әрекеттен кейін парламент оны бүлік жасамақ болды деп айыптап, импичмент жариялады.

Сонымен қатар Оңтүстік Корея соты 14 желтоқсанда парламентте импичмент жариялау нәтижесінде өкілеттігі тоқтатылған Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёлды тұтқындауға және тінту жүргізуге ордер бергені туралы жазған болатынбыз. 

Қазір оқып жатыр

Танакөз Толқынқызының үстінен іс қозғалмайды

Танакөз Толқынқызы

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Пәтер